/KASE, 27.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін Қазақстан қор
биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде Жетісу облысының жергілікті
атқарушы органының KZMJ00001667 (("мемлекеттік бағалы қағаздар"
секторы, JTK024_166; 1 000 теңге, 2 796 351 000,00 теңге; 2 жыл;
жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) облигацияларының 2 796 351
данасын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық
өткізетінін хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін,
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ден бастап
жүзеге асырылады.
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған қызығушылықты есепке
алмағанда) көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған қызығушылықты ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген
шектеулі өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
бірыңғай кесу бағасы бойынша, қарсы өтінімдерді қабылдау уақыты
бойынша.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтемеде
жарияланған
https://kase.kz/kz/membership/
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы
ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын
сілтеме бойынша жариялады
https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf
Сауда-клирингтік жүйелерде Сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы барынша толық ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/gsecs/show/JTK024_166/
[2023-10-27]