/KASE, 26.10.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001675
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, AIK0024_167) облигацияларын
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
Сауда-саттықта эмитент номиналы 1 000 теңге және өтелгенге дейін 2 жыл
мерзімге 3 500 000 облигация орналастыруды жоспарлады. Орналастыру
нәтижелері бойынша эмитент 3,5 млрд теңге тартты.
Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
мақсатында шығарылды.
Осыдан бұрын KASE-де "Бүгін KASE-де Абай облысының жергілікті
атқарушы органының KZMJ00001675 (AIK0024_167) 3,5 млн
облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" жаңалығы жарияланды –
https://kase.kz/kz/news/show/1510434/
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/gsecs/show/AIK024_167/
[2023-10-26]