"Алтыналмас АК" АҚ 2023 жылдың үшінші тоқсанында артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төледі

24.10.23 17:19
/KASE, 24.10.23/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алтыналмас АК" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 19 қазанында өзінің артықшылықты акциялары бойынша 2023 жылдың үшінші тоқсанында жалпы сомасы 54 672 теңгеге бір акцияға 125 теңге (салық ұсталғанға дейін) мөлшерінде дивидендтер төленгені туралы KASE-ге хабарлады. Осы ақпарат келесі сілтеме бойынша орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_dividends_191023_2416.pdf [2023-10-24]