23 қарашадан бастап "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010234 (MFAFb4) және KZ2P00010242 (MFAFb5) облигациялары балама алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

23.10.23 12:58
/KASE, 23.10.23/ – Осыдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 19 қазанында "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын балама алаңнын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2P00010234 (MFAFb4; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 22,00 %; 30/360); - KZ2P00010242 (MFAFb5; $100, $4,0 млн; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 12,00 %; 30/360). Басқарманың осы шешімі 2023 жылдың 23 қазанынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/kz/issuers/MFAF/ [2023-10-23]