АҚ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

23.10.23 12:23
/KASE, 23.10.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 436 430 дана; - компанияның 1 246 430 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстанның Даму Банкі" болып табылады. [2023-10-23]