"аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010234 (MFAFb4) және KZ2P00010242 (MFAFb5) облигациялары балама алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

20.10.23 11:59
/KASE, 20.10.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылғы 19 қазанда "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2P00010234 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 22,00 %; 30/360); - KZ2P00010242 ($100, $4,0 млн; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 12,00 %; 30/360). Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС қаржылық кеңесшісі"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға сәйкесінше MFAFb4 және MFAFb5 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында жарияланатын болады. [2023-10-20]