20 қазаннан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US9128284Z04 (US_88_2508) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

20.10.23 11:19
/KASE, 20.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 20 қазанынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US9128284Z04 (US_88_2508); $33 185 000 000; 31.08.18 – 31.08.25, жартыжылдық купоны, жылдық 2,75%, actual/actual) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) болып табылады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/. [2023-10-20]