"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2022 жылға арналған ESG тәуекел рейтингінің жаңартылған бағалауын алды

18.10.23 16:46
/KASE, 18.10.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 18 қазанындағы ақпараттық хабарламасында былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Sustainalytics агенттігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының 2022 жылғы экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару (ESG) саласындағы қызметіне кезекті кешенді зерттеу жүргізіп, тиімділігіне баға берді. Рейтинг агенттігі ҚМГ-нің ESG тәуекелдерін басқару деңгейін 32,3 балға бағалады, бұған дейінгі берілген көрсеткіш – 28,5 балл. Салыстырмалы рейтингте ҚМГ Sustainalytics агенттігі бағалаған әлемдегі 306 мұнай-газ компаниясының арасында 18-ші орыннан 40-шы орынға жылжыды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_181023_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_181023.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_181023_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-10-18]