/KASE, 18.10.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE немесе биржа) сауда-саттық жүйесінде "Birinshi
Lombard" (Бірінші Ломбард) ЖШС (Алматы) KZ2P00010010 (KASE
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд
теңге; 2 жыл; тоқсандық купон; жылдық 24,00 %; 30/360) облигацияларына
жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізіледі.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі –
Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі –
300 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 18 қазанында
сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым
аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың
18 қазаны; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру
күні – 2023 жылдың 18 қазаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен
уақыты – 2023 жылдың 18 қазаны, Астана қаласы уақытымен 14:00.
Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге
асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай
мәліметтер кіреді:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСНы немесе заңды тұлғаның БСНы.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/kz/bonds/show/MFBLb2/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-10-18]