Қазақстан қор биржасында Еуразиялық Даму Банкі RUBKZT_TOD және RUBKZT_0_001 құралдары бойынша маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

02.10.23 16:09
/KASE, 02.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 05 қазанынан бастап Еуразиялық Даму Банкі RUBKZT_TOD және RUBKZT_0_001 құралдары бойынша KASE-де маркет-мейкер міндеттерін орындаудан босатылды. Бұл шешім "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатының 3 бабына сәйкес маркет-мейкердің көрсетілген мәртебеден ерікті түрде бас тартуы себебінен қабылданды. Маркет-мейкерлердің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/marketmakers/ [2023-10-02]