"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS2242422397 (KMGZe16) өзінің облигациялары бойынша, алтыншы купонын төлегені туралы хабарлады

17.10.23 10:22
/KASE, 17.10.23/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан қор биржасына 2023 жылдың 16 қазанында XS2242422397 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KMGZe16) өзінің облигациялары бойынша алтыншы купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Берілген ақпаратқа сәйкес сыйақы 13 125 000 АҚШ доллары көлемінде төленді. [2023-10-17]