18 қазан күні Қазақстан қор биржасында "Birinshi Lombard" (Бірінші Ломбард) ЖШС KZ2P00010010 (MFBLb2) облигацияларына жазылу жүргізіледі

16.10.23 15:13
/KASE, 16.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2023 жылдың 18 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" (Бірінші Ломбард) ЖШС (Алматы) KZ2P00010010 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон; жылдық 24,00 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 300 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 18 қазанында сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 18 қазаны; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 18 қазаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 18 қазаны, Астана қаласы уақытымен 14:00. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСНы немесе заңды тұлғаның БСНы. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/kz/bonds/show/MFBLb2/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-10-16]