16 қазанынан бастап KASE Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымы KZ2D00006533 (BVTBb8) және "Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00001212 (EUBNb8) облигацияларының айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен алып тастады

16.10.23 11:30
/KASE, 16.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 16 қазанынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымының KZ2D00006533 (BVTBb8) және "Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00001212 (EUBNb8) облигацияларын негізгі алаңның (KASE_BM* сериясы) корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен алып тастады (өтелген күні – 16 қыркүйек). 2023 жылдың 16 қазаннан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 60 атаулы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялар жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін баға индексі. Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2023-10-16]