"Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00001212 (EUBNb8) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

16.10.23 09:37
/KASE, 16.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 16 қазанынан бастап "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) KZ2C00001212 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, EUBNb8; 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 15.10.08 – 15.10.23; қалқымалы жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 13,00%; 30/360) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар 2009 жылдың 21 қаңтарынан бастап" рейтингтік бағалаусыз борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық 2009 жылдың 25 тамызынан бастап ашылған. [2023-10-16]