"Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) Қазақстан қор биржасында
жазылым жүргізу арқылы өзінің KZ2P00010010 (MFBLb2)
облигацияларын өтеуге кірістілігі жылдық 24,00 %-бен орналастыра
отырып, 450,0 млн теңге тартты
13.10.23 17:06
/KASE, 13.10.23/ – Бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard"
ЖШС (Бірінші ломбард) (Алматы) KZ2P00010010 (KASE баламалы алаңы,
"облигациялар" санаты, MFBLb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 10.10.23 –
10.10.25; тоқсандық купон; жылдық 24,00%; 30/360) облигацияларына
жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді.
Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) әрекет етті.
Орналастыруға номиналды көлемі 400 000 000 теңге болатын облигациялар
ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 13 қазанында
Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін жүргізілді.
Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне номиналды
көлемі 449,1 млн теңге облигацияларды сатып алуға бір шектелімді өтінім
берілді, ол өтінімдерді жинау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Берілген
өтінімдегі таза баға номиналдың 99,9944 % (жылдық 24,00%) құрады.
Сұраныс ұсыныстың 112,3 % құрады.
Орналастыру нәтижелері бойынша өтінім толық көлемде
қанағаттандырылды. Жалпы сомасы 449 999 100,9 теңгеге 449 126 облигация
орналастырылды.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес
аталған облигацияларға жазылым нәтижелері бойынша мәміле осы ақпарат
жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды.
[2023-10-13]