16 қазанынан бастап Қазақстан қор биржасында Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

13.10.23 16:36
/KASE, 13.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 16 қазанынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 23 қазанға және одан кейінгі күндерге келетін Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 23 қазанда көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 25 қазанынан бастап қайта басталады. [2023-10-13]