"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың үшінші тоқсанында Өзбекстанға 31,1 мың тонна ресейлік мұнай транзитін жүзеге асырды

13.10.23 12:47
/KASE, 13.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге үұсынған 2023 жылдлың 13 қазанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2023 жылдың 3 тоқсанында "ҚазТрансОйл" АҚ "Омбы - Павлодар - Шымкент - Шағыр мұнай құю эстакадасы" бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына 31,1 мың тонна Ресей мұнайын тасымалдады (теміржол цистерналарына құю арқылы). Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 тоқсанында магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ Өзбекстан Республикасына 10,7 мың тонна, 2023 жылдың 2 тоқсанында – 37,9 мың Ресей мұнайының транзитін жүзеге асырды. Қазан айында Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзитінің көлемі 25 мың тоннаны құрады. "ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына тасымалдауды жүзеге асырады. дәйексөздің соңы Полная версия пресс-релиза размещена: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_131023_kz_1.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_131023_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_131023_en_1.pdf – ағылшын тілінде. [2023-10-13]