2023 жылдың 16 қазанында AST 12:00-ден 02 қарашаның AST 18:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында "KEGOC"АҚ KZ1C00000959 (KEGC) жай акцияларының жария ұсынысы өткізілетін болады

13.10.23 11:20
/KASE, 13.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 16 қазанында Астана қ. уақыты бойынша сағат 12:00-ден бастап (AST) KASE сауда-саттық жүйесінде "KEGOC" АҚ (бұдан әрі – Эмитент) KZ1C00000959 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акцияларын жария ұсыну арқылы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Жария ұсыным шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 16 қазанынан 02 қарашаға дейін жұмыс күндері сағат 9:00-ден (2023 жылдың 16 қазаны 12:00-ден) AST 18:00-ге дейін жүргізіледі. KASE-те көрсетілген акциялардың жария ұсынысын өткізу кезінде сатушы ретінде "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Бірлескен үйлестірушілер мен букраннерлер: "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ. Бірлескен букраннерлер: "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ, "First Heartland Jusan Invest"АҚ. Орналастыруға ұсынылатын акциялардың саны – 15 294 118 данаға дейін, бір акцияның бағасы – 1 482 теңге. Жария ұсынысты өткізу кезіндегі бағалы қағаздың коды – KEGC3. Бір өтінімге акциялардың минималды саны – 1 акция. Сатып алушылар үшін берілген өтінімдердегі акциялардың максималды санына жария ұсыныс жүргізу шарттарымен шектеулер белгіленбеген. Бір тұлғадан берілетін өтінімдер саны шектелмейді. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін Сатушыға ұсыну күні – 2023 жылдың 03 қарашасы. Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға ұсынған күні – 2023 жылдың 07 немесе 08 қарашасы. Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға ұсынған күні – 2023 жылдың 07 немесе 08 қарашасы. Мәмілелер жасау күні мен уақыты – 2023 жылдың 09 қарашасы, AST 16:45. Есеп айырысу күні мен уақыты – 2023 жылдың 09 қарашасы, AST 17:30-дан бастап. Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Осы жария ұсынысты жүргізу шарттарына сәйкес Эмитентке ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) Жеке тұлға-инвестордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлға-инвестордың атауы; 2) Жеке тұлға-инвестордың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе заңды тұлға-инвестордың бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН); 3) Жеке тұлға-инвестордың азаматтығы немесе заңнамаға сәйкес заңды тұлға-инвестордың заңды тұлға ретінде тіркеу жүзеге асырылған мемлекет; 4) Жеке тұлға-инвестордың тұрғылықты жері (әкімшілік – аумақтық бірлігін көрсете отырып) немесе ақпарат берілмеуі мүмкін омнибус шоттарды қоспағанда, заңды тұлға-инвестордың мекенжайы**; 5) Өз өтінімін немесе клиенттік өтінімін беретін брокердің / Биржа мүшесінің атауы; 6) Инвестор түрі: жеке тұлға немесе ұйым. Акцияларды сатып алуға өтінімдерді бөлшек инвесторлар – Қазақстан Республикасының азаматтары, институционалдық инвесторлар – Қазақстан Республикасының резиденттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент инвесторлары (бөлшек және институционалдық) беруге құқылы. KASE мүшелері омнибус немесе шетелдік кастодиандық шоттардан өтінімдер жіберген жағдайда, бұл өтінімдерді KASE үшін белгіленген форматта инвесторлар туралы ақпарат ашылған, атап айтқанда, веб- модуль арқылы Эмитенттің талаптарына сәйкес дербес деректер ашылған жағдайда ғана KASE қабылдайды. Бұл ретте KASE мүшелері веб-модуль арқылы KASE үшін ашылатын мәліметтердің/дербес деректердің дұрыстығына жауапты болады және бұл ақпарат Эмитентке және бірлескен букраннерлерге де ашылатынына келіседі. Осыған байланысты омнибус немесе шетелдік кастодиандық шоттардан өтінім беретін KASE мүшелеріне өтінімді қабылдау алдында немесе қабылдау процесінде өз клиенттерінен дербес деректерді ашуға тиісті келісімдер алу қажет. Қосымша, KASE мүшелері кез келген уақытта ұсынылған дербес деректердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қадағалау субъектілері болып табылатынын еске саламыз. Өтінімдерді қанағаттандыру (толық немесе ішінара) Эмитенттің дербес қалауы бойынша мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады: 1. Қазақстан Республикасының азаматтарының болып табылатын инвесторлардың өтінімдерін қанағаттандырудың басымдығы өтінімдерді қанағаттандырудың мынадай тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады: 1) Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын бөлшек инвесторларының өтінімдері бірінші кезекте ұсынылатын акциялардың жалпы санынан максималды мүмкін көлемде қанағаттандырылады (орналастырылатын акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру шеңберінде орналастырылатын акцияларды сатып алуға өтінім берген ағымдағы акционерлер арасында пропорционалды бөлуді ескере отырып); 2) өзге инвесторлардың (Қазақстан Республикасының институционалдық инвесторларын және бейрезидент инвесторларды қоса алғанда) өтінімдері екінші кезекте ұсынылатын акциялардың жалпы санынан барынша ықтимал көлемде, Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын бөлшек инвесторлардың барлық өтінімдерінің толық көлемінде қанағаттандыру үшін қажетті акциялар санын шегергенде қанағаттандырылады. 2. Егер Эмитенттің пікірі бойынша (оның дұрыстығы мен негізділігіне қарамастан) мұндай қанағаттану: (1) бір тұлғада немесе байланысты тұлғалар тобында акциялардың жоғары шоғырлануының пайда болуына немесе әкелуі мүмкін; және (немесе) (2) заңнаманың және (немесе) қолданылатын комплаенс процедураларының қолданылатын талаптарын бұзуға әкеп соқтыратын жағдайда Эмитенттің өз қалауы бойынша кез келген өтінімді (толық немесе ішінара) қанағаттандырудан бас тарту сөзсіз құқығы. Бір тұлғада немесе байланысты тұлғалар тобында акциялардың жоғары шоғырлануын тексеру мақсатында бірлескен букраннерлер қабылданған өтінімдерге мынадай қосымша критерийлер бойынша тексеру жүргізеді: 1) көлемі Эмитенттің орналастырылған жай акцияларының санынан 1 % және одан көп болатын ірі өтінімдер; 2) бір жеке немесе заңды тұлға әртүрлі брокерлер немесе бір брокер арқылы берген және жиынтық көлемі эмитенттің орналастырылған жай акциялары санының 1 % немесе одан да көбін құрайтын қайталама / көптеген өтінімдер. Жария ұсынысқа қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/ru/membership Биржаның сауда-клирингілік жүйесінде сегрегацияланған жаңа шот ашу депоненттің Орталық бағалы қағаздар депозитарийінде дербес шоты ашылғаннан кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Тиісінше, акцияларды жария ұсынымға қатысу үшін бағалы қағаздардың Орталық депозитарийіндегі жаңа дербес шотты өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашу қажет. Бағалы қағаздардың жария ұсынысын жүргізу ережелері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/rules_public_offering.pdf Аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/shares/show/KEGC/ Естеріңізге сала кетейік, "KEGOC" АҚ-ның 17% және одан да көп акцияларына иелік ететін Эмитенттің ағымдағы акционерлері үшін 2023 жылдың 28 қыркүйегінен бастап 27 қазанды қоса алғанда, басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру шеңберінде "KEGOC" АҚ-ның жай акцияларын жария түрде ұсыну жүргізілуде. [2023-10-13]