/KASE, 12.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Phystech II" АҚ (Ақтау) акционерлердің кезектен тыс
жалпы жиналысының 2023 жылдың 04 қазанындағы шешімдері туралы
KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, жалпы бағалау құны 35 417 122 000 теңгені
құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (қоғамның жай дауыс беретін
акцияларының 100 %) мемлекет пайдасына (мемлекеттік органдардың
балансына) өз еркімен және өтеусіз беру туралы шешім қабылдады.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/PHYS/phys_special_shareholders_meeting_results_041023_637.pdf
[2023-10-12]