KASE биржалық нарықтың 2023 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы жұмысын қорытындылады

12.10.23 14:22
/KASE, 12.10.23/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) 2023 жылдың тоғыз айындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 283,4 трлн теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,4 % немесе 89,8 трлн теңгеге өсті. - KASE индексінің мәні 26,2 %-ға 4 103,83 тармаққа дейін өсті. - Акциялар нарығының капиталдандырылуы 27,4 %-ға немесе 5,8 трлн теңгеге 27,0 трлн теңгеге дейін өсті. - 2023 жылдың басынан бері KASE ресми тізіміне 44 эмитенттің 100 атауындағы бағалы қағаздар енгізілді, олардың 18-і алғаш рет листинг процедурасынан өтті. - 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 225 эмитенттің 621 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды. - 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде 679 мың жеке шот болды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 147 мың жаңа жеке шоттарды тіркеді. Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE пресс-релизінде ұсынылған: - https://kase.kz/files/press/kz/11_10_2023_Itogi_3q_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/11_10_2023_Itogi_3q_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/en/11_10_2023_Itogi_3q_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2023-10-12]