12 қазаннан бастап "First Heartland Securities" АҚ KZ1C00008077 (FHSE) жай акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылды

12.10.23 09:10
/KASE, 12.10.23/ – Қазақстан қор биржасы Листингілік комиссиясының (KASE) 2023 жылдың 11 қазанындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "First Heartland Securities" АҚ (Алматы) KZ1C00008077 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, FHSE) жай акциялары алынып тасталды. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 12 қазанынан бастап күшіне енеді. Бұл шешім "First Heartland Securities" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген акцияларды ерікті түрде делистингтеу туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған акциялар KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына 2021 жылдың 01 сәуірінен бастап енгізілді, 2022 жылдың 08 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандарт" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 24 маусымынан бастап ашылған. [2023-10-12]