12 қазаннан бастап "First Heartland Securities" АҚ KZ1C00008077 (FHSE)
жай акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми
тізімінен шығарылды
12.10.23 09:10
/KASE, 12.10.23/ – Қазақстан қор биржасы Листингілік комиссиясының
(KASE) 2023 жылдың 11 қазанындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "First
Heartland Securities" АҚ (Алматы) KZ1C00008077 (KASE негізгі алаңы,
"стандарт" санаты, FHSE) жай акциялары алынып тасталды.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 12 қазанынан бастап
күшіне енеді.
Бұл шешім "First Heartland Securities" АҚ-ның KASE ресми тізімінен
көрсетілген акцияларды ерікті түрде делистингтеу туралы өтініші негізінде
қабылданды.
Аталған акциялар KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар"
секторына 2021 жылдың 01 сәуірінен бастап енгізілді, 2022 жылдың
08 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандарт"
санатында болды. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 24 маусымынан
бастап ашылған.
[2023-10-12]