2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан қор
биржасындағы корпоративтік облигациялармен сауда-саттығының
көлемі 1,8 трлн теңгені құрады
11.10.23 14:06
/KASE, 11.10.23/ – 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан қор
биржасында (KASE) корпоративтік облигациялармен сауда-саттықтардың
көлемі 1 777,5 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 51,1 %-ға өсті.
2022 жылдың сәуір-желтоқсан айларымен салыстырғанда сауда-саттық
көлемі 23,1 %-ға төмендеді.
Төмендегі кестеде 2023 жылдың тисті кезеңінде биржалық нарықтың
көрсетілген секторындағы сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ
2022 жылдағы салыстырмалы деректер (қайталама нарық секторында
облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер жасасуға болады)
келтіріледі.
---------------------------------------------------------
Жыл, Бастапқы нарық Қайталама нарық* Барлығы*
ай
----------- -------------- ------------------- ----------
2023, I 145,7 38,6 184,3
2023, II 89,6 22,3 111,9
2023, III 142,7 27,9 170,6
2023, IV 129,9 90,5 220,4
2023, V 90,9 53,3 144,3
2023, VI 142,9 47,0 189,9
2023, VII 37,8 54,0 91,8
2023, VIII 88,3 53,5 141,7
2023, IX 441,0 81,6 522,6
----------- -------------- ------------------- ----------
Барлығы 1308,8 468,7 1 777,5
----------- -------------- ------------------- ----------
2022, I- IX 442,5 733,5 1 176,0
тренд, % +195,7 -36,1 +51,1
---------------------------------------------------------
* репо операциялары нарығындағы мәмілелерді қоспағанда.
[2023-10-11]