"Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) Қазақстан қор биржасында
KZ2P00010010 (MFBLb2) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы
өтеуге кірістілігі жылдық 24,00 %-бен орналастыра отырып, 250,0 млн
теңге тартты
10.10.23 16:32
/KASE, 10.10.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде "Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) (Алматы) KZ2P00010010
(KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb2; 1 000 теңге; 2,0 млрд
теңге; 10.10.23 – 10.10.25; тоқсандық купон; жылдық 24,00 %; actual/actual)
облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді.
Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк
ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) әрекет етті.
Орналастыруға номиналды көлемі 200 000 000 теңге болатын облигациялар
ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 қазанында
Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін жүргізілді.
Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы
номиналды көлемі 100,0 млрд теңге облигацияларды сатып алуға бір
шектелімді өтінім берілді, ол өтінімдерді жинау аяқталған кезде белсенді деп
танылды. Берілген өтінімдегі таза баға номиналдың 100,0000 % (жылдық
24,00 %) құрады. Сұраным ұсынымның 125,0 % құрады.
Орналастыру нәтижелері бойынша өтінім толық көлемде қанағаттандырылды.
Жалпы сомасы 250 000 000,0 теңгеге 250 000 облигация орналастырылды.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес
аталған облигацияларға жазылым нәтижелері бойынша мәміле осы ақпарат
жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды.
[2023-10-10]