06 қазан күні Қазақстан қор биржасында Абай облысының әкімдігі KZMJ00001626 (AIK006_162) облигацияларын орналастыра отырып, 2,6 млрд теңге тартты

06.10.23 17:41
/KASE, 06.10.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001626 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, AIK006_162) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Сауда-саттықта эмитент номиналы 1 000 теңге және өтелгенге дейін 5 ай 24 күн қалған 2 643 115 облигация орналастыруды жоспарлады. Орналастыру нәтижелері бойынша эмитент 2,6 млрд теңге тартты. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында шығарылды. Бұған дейін KASE "Бүгін KASE-де Абай облысының жергілікті атқарушы органының 2,6 млн KZMJ00001626 (AIK006_162) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/kz/news/show/1509354/ Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/gsecs/show/AIK006_162/ [2023-10-06]