/KASE, 06.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2023 жылдың
10 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" (Бірінші
Ломбард) ЖШС (Алматы) KZ2P00010010 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар"
санаты, MFBLb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон; жылдық
24,00 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру
жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ
еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 200 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 қазанында сағат
10:00-ден 12:00-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым аясында
тек шектеулі өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 10 қазаны;
сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың
10 қазаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 10 қазаны,
Астана қаласы уақытымен 14:00. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері
арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға
ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСНы немесе заңды тұлғаның БСНы.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/kz/bonds/show/MFBLb2/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-10-06]