"First Heartland Securities" АҚ-ның жалғыз акционері бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге лицензияны өз еркімен тоқтату және KZ1C00008077 (FHSE) жай акцияларының KASE-дегі делистингі туралы шешім қабылдады

04.10.23 11:21
/KASE, 04.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Securities" АҚ (Алматы), KASE-ге жалғыз акционерінің 2023 жылдың 3 қазанындағы шешімдері туралы хабарлады. Акционер соның ішінде келесі шешімдер қабылдады: - қоғам уәкiлеттi органға бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге лицензияны тоқтату туралы өз еркiмен жүгінуі тиіс; - (ISIN KZ1C00008077) жай акцияларының KASE-де ерікті делистингін мақұлдауы тиіс. Бұл ақпарат орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/FHSE/fhse_decision_sole_031023_312.pdf [2023-10-04]