"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

03.10.23 17:04
/KASE, 03.10.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2023 жылдың 28 қыркүйегіндегі шешімімен холдингтің Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлады: - шығарылды: Сулейменов Т.М., Карабаев М.К., Шарлапаев К.Б.; - сайланды: Иргалиев А.А., Шарлапаев К.Б. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады: Смайылов А.А., Иргалиев А.А., Скляр Р.В., Жамаубаев Е.К., Қуантыров А.С., Шарлапаев К.Б., Дэниель А. Витт, Мари-Элен Берар, Манфред Грундке. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_board_changes_280923_3878.pdf [2023-10-03]