/KASE, 03.10.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасы (KASE немесе биржа) сауда-саттық жүйесінде оларға жазылу
арқылы "Phystech II" АҚ (Ақтау) KZ1C00001148 (KASE баламалы алаңы,
"акциялар" секторы, PHYS) жай акцияларын орналастыру өткізіледі.
Көрсетілген акцияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "SkyBridge
Invest" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын акциялар саны – 13 650 000 дана. Орналастыру бағасы –
бір акция үшін 1 000,00 теңге.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 03 қазанында Астана қаласы
уақытымен сағат 10:00-ден 10:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек
шектелімді өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың
03 қазаны, Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға
беру күні – 2023 жылдың 03 қазаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні
мен уақыты – 2023 жылдың 03 қазаны, Астана қаласы уақытының 11:15.
Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге
асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме
бойынша жарияланған
http://kase.kz/kz/membership
Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
мына сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo_kaz.pdf
Көрсетілген акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/kz/shares/show/PHYS/
[2023-10-03]