03 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab. US0028241000 (ABT_KZ) және Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

02.10.23 16:30
/KASE, 02.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 қазанынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 13 қазанына және одан кейінгі күндерге келетін келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды: - US0028241000 ("KASE Global" секторы, ABT_KZ) Abbott Lab. (АҚШ); - US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) Freeport-McMoRan Inc. (АҚШ). Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың 13 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 16 қазанынан бастап қайта басталады. [2023-10-02]