02 қазаннан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) KZ2P00010010 (MFBLb2) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

02.10.23 10:44
/KASE, 02.10.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2023 жылдың 29 қыркүйегінде "Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) (Алматы) KZ2P00010010 (MFBLb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 24,00 %; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 02 қазанынан бастап күшіне енеді. Көрсетілген облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/kz/bonds/show/MFBLb2/ сілтемесі бойынша жарияланды [2023-10-02]