Қазақстан қор биржасында 2023 жылдың 28 қыркүйегінде AST 09:00- ден бастап 27 қазанында AST 18:00-ге дейін "KEGOC" АҚ акционерлері үшін артықшылықты сатып алу құқығы шеңберінде KZ1C00000959 (KEGC) жай акцияларын жария ұсыну жүргізіледі

28.09.23 08:55
/KASE, 28.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қ. уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап (AST) KASE сауда-саттық жүйесінде акционерлер үшін артықшылықты сатып алу құқықтарын жүзеге асыру ешңберінде "KEGOC" АҚ-ның KZ1C00000959 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акцияларын жария ұсыну арқылы сату жүргізілетінін хабарлайды. Артықшылықты сатып алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2023 жылдың 26 қыркүйегіндһегі жағдай бойынша 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жасалды. Жария ұсыну 2023 жылдың 27 қазанында AST сағат 18.00-ге дейін өтеді. KASE-де көрсетілген акцияларды жария ұсыну кезінде бірлескен үйлестірушілер мен букраннерлер консорциумы атынан "SkyBridge Invest" АҚ сатушы ретінде әрекет етеді: "Фридом Финанс" АҚ, "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ. Сатылатын акциялар саны – 15 294 118 дана, бір акцияның бағасы – 1 482 теңге. Жария ұсыну шеңберінде өтінімдерді қабылдау AST 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері жүргізіледі. Өтінім көлемі - 16,9999 : 1 қатынасында акционердің қолында бар жай акциялар санына барабар. Биржа қабылдаған өтінімдердің тізілімін сатушыға ұсыну күндері – 2023 жылдың 02, 04, 06, 10, 12, 16, 18, 20, 24 және 30 қазаны. Сатушының Биржаға қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін ұсыну күндері – 2023 жылдың 02, 04, 06, 10, 12, 16, 18, 20, 24, 27 және 30 қазаны. Мәмілелер жасалатын күндер мен уақыты – 2023 жылдың 02, 04, 06, 10, 12, 16, 18, 20, 24, 27 және 30 қазанында AST 15:00-де. Есептесулерді жүзеге асыру күндері мен уақыты – 2023 жылдың 02, 04, 06, 10, 12, 16, 18, 20, 24, 27 және 30 қазанында AST 17:00-де. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Осы жария ұсынуды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген акциялардың эмитентіне ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; 3) жеке тұлға болып табылатын инвестордың азаматтығы немесе заңды тұлға болып табылатын инвесторды, соның заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркеуі жүзеге асырылған, мемлекет; 4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлғаның тіркелгенін растайтын құжаттың атауы мен деректемелері (нөмірі, берілген күні және құжатты берген орган); 5) жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның мекенжайы; 6) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ есепке алу жүйесінде бар және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрмайтын өзге де ақпарат. Бағалы қағаздардың жария ұсынысын жүргізу ережелері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/rules_public_offering.pdf Аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/shares/show/KEGC/ [2023-09-28]