"KEGOC" АҚ акционерлері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында KZ1C00000959 (KEGC) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

26.09.23 14:10
/KASE, 26.09.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана) 2023 жылдың 26 қыркүйегінде өткен акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - 2023 жылдың 30 маусымында аяқталған алты айдағы жағдай бойынша компанияның жартыжылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге 20 212 291 941,40 теңге бағытталсын; - 2 805 066 058,60 теңге компанияның иелігінде дамытуға қалдырылсын; - 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы дивиденд мөлшері бір жай акцияға 77,74 теңге болып бекітілсін. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_special_shareholders_meeting_results_260923_6526.pdf [2023-09-26]