/KASE, 25.09.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2023 жылдың 22 қыркүйегінде "Қазақстанның Даму
Банкі" АҚ (Астана) келесі облигацияларының негізгі алаңын "коммерциялық
облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады:
- KZ2C00010098 (BRKZb34; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 365 күн; жарты
жылдық купон, мөлшерлеме облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын
болады; 30/360);
- KZ2C00010106 (BRKZb35; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 365 дней; жарты
жылдық купон, мөлшерлеме облигацияларды орналастыру бойынша
алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын
болады; 30/360).
Басқарманың осы шешімі 2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастап күшіне енді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/BRKZ/
[2023-09-25]