/KASE, 22.09.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың 20 қыркүйегінде
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері
МЕУКАМ-216 бірінші шығарылымын (KZKD00000972, MUM216_0001) орналастыру бойынша
қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың
22 қыркүйегінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды,
қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 6 694 122 516,8 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 20 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында
8,3 млн МЕУКАМ-216 бірінші шығарылымын (KZKD00000972, MUM216_0001) өтеуге
орташа сараланған кірістілігі жылдық 11,70 %-бен орналастырды" тақырыбындағы
жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1508688/
[2023-09-22]