25 қыркүйектен бастап KZ2P00010002 (MFKTb4) "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

22.09.23 14:50
/KASE, 22.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастап "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00010002 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFKTb4; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 20.09.23 – 20.09.28; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2023-09-22]