/KASE, 22.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 22 қыркүйегінен
бастап "First Heartland Securities" АҚ (Алматы) KZ1C00008077 (KASE негізгі
алаңы, "стандарт"санаты, FHSE) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатылғанын хабарлайды.
Аталған акциялармен сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері"
атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 9) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың
21 қыркүйегіндегі "First Heartland Securities" АҚ-ның қоғам акционерінің оларға
тиесілі аталған акцияларды сату туралы басқа акционерлерге ұсынысы туралы хаты
негізінде тоқтатылды.
Бұған дейін осы тақырып бойынша 2023 жылдың 21 қыркүйегінде "First Heartland
Securities" АҚ өз акционерінің қоғамның басқа акционерлеріне өздеріне тиесілі
KZ1C00008077 (FHSE) жай акцияларын сату туралы ұсынысы туралы хабарлады"
тақырыбындағы KASE жаңалығы жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1508727/
[2023-09-22]