20 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 22 қыркүйекте болатын МЕУКАМ-96 14-ші шығарылымын (KZKD00001228, MUM096_0014) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

20.09.23 15:20
/KASE, 20.09.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 22 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96 14-ші шығарылымын (KZKD00001228, MUM096_0014) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 15 801 760 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 105,4458 % (кірістілік – жылдық 12,80 %) деңгейінде белгіледі. Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 22 қыркүйекте болатын МЕУКАМ-96 14-ші шығарылымын (KZKD00001228, MUM096_0014) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалықғы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1508622/ [2023-09-20]