"KEGOC" АҚ акционерлері қоғамның жарияланған акцияларының санын көбейту туралы шешім қабылдады

18.09.23 12:51
/KASE, 18.09.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана) 2023 жылғы 15 қыркүйегінде өткен акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі: қоғамның жарияланған акцияларының санын 15 294 118 жай акцияға ұлғайту, жарияланған акциялардың жалпы саны 275 294 118 жай акцияны құрайтыны туралы KASE-ге хабарлады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_special_shareholders_meeting_results_150923_6285.pdf [2023-09-18]