14 қыркүйектен бастап KZ2P00010002 (MFKTb4) "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

14.09.23 18:16
/KASE, 14.09.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2023 жылдың 14 қыркүйегіндегі шешімімен "Кредит Time" МҚҰ" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00010002 (MFKTb4; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 14 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/MFKTb4/ [2023-09-14]