KASE-де "ESG Insights: трендтер, даму және интеграция" вебинары өтті

13.09.23 11:03
/KASE, 13.09.23/ – 2023 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында "ESG Insights: трендтер, даму және интеграция" тақырыбында онлайн вебинар өтті. Вебинар аясында RepRisk халықаралық компаниясының нарықты дамыту бөлімінің басшысы Алессандра Оглин ақпарат берді: - ESG озық инновациялары мен ерекшеліктері туралы; - әлемде және Орталық Азияда ESG нарығының дамуының негізгі үрдістері мен перспективалары туралы; - ESG тәуекелдерін зерттеу және басқару туралы; - ESG тәуекелдерін корпорация қызметіне, инвестицияларға және банк қызметіне біріктіру туралы. RepRisk халықаралық компаниясы деректер туралы ғылыммен, ESG саласындағы зерттеулермен, іскерлік мінез-құлық тәуекелдерін бағалаумен, бизнес-аналитикамен айналысады. [2023-09-13]