"Форпост" ЖШС қатысушылары серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту туралы шешім қабылдады

07.09.23 11:42
/KASE, 07.09.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Форпост" ЖШС (Ұлытау облысы) 2023 жылдың 04 қыркүйегінде өткен қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі туралы KASE-ге хабарлады: - қосымша салым енгізу арқылы серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін 305 615 711 теңгеге дейін ұлғайту. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/FPST/fpst_special_shareholders_meeting_results_040923_192.pdf [2023-09-07]