/KASE, 01.09.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 31 тамызында "Азық-түлік
келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
KZ2C00010023 (PRKRb9; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 3 жыл; өзгермелі
жарты жылдық купон – TONIA Compounded + тіркелген маржа, маржа
мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты
өткізу қорытындысы бойынша анықталды; 30/360) облигацияларын KASE
ресми тізіміне негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы
шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 04 қыркүйегінен бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/PRKRb9/
[2023-09-01]