26 қыркүйекте "KEGOC" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

31.08.23 17:44
/KASE, 31.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана) 2023 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 11:30-да келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын KASE-ге хабарлады: - компанияның 2023 жылдың 30 маусымында аяқталған алты айдағы қаржылық есептілігін, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына есептегенде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына дивиденд мөлшерін бекіту туралы; - компанияның Дивидендтік саясаты туралы қағидаға өзгерістер енгізу туралы; - Компанияның жарияланған жай акцияларының саны шегінде орналастыру туралы; - компания Жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды бекіту туралы. Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_special_shareholders_meeting_info_260923_812.pdf [2023-08-31]