/KASE, 31.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың
31 тамызындағы баспасөз релизін ұсынды, онда мыналар хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазТрансОйл" АҚ осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы
бойынша департаментінің (әрі қарай – ТМРКД) 2023 жылғы 28 тамыздағы
№56- ОД бұйрығымен ТМРКД-ның "Магистральдық Суағызғысы"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2022-2027 жылдарға магистральдық
құбырлар бойынша реттеліп көрсетілетін су беру қызметіне тарифтерді және
тарифтік сметасын бекіту туралы 2022 жылғы 19 тамыздағы №74-ОД
бұйрығына 2023 жылғы 01 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін
өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:
- халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа,
бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызмет
көрсететін басқа да кәсіпорындар үшін – 18,04 теңге/м³;
- ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін – 64,98 теңге/м³;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар және басқа коммерциялық ұйымдар үшін –
626,66 теңге/м³;
- мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар үшін – 1870,55 теңге/м³.
Осыған байланысты орташа тариф 1 текше метр су үшін 455,87 теңгеден
626,66 теңгеге өзгеріп, 170,79 теңгеге өсті, ол 37 % құрайды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылған:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_310823_1_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_310823_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_310823_1_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-08-31]