"ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас аймағындағы "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының учаскелерін ауыстыру жұмыстарын аяқтады

31.08.23 15:06
/KASE, 31.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 31 тамызындағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазТрансОйл" АҚ "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының Ø720 мм 1190,4 – 1235,4 шақырымында жаңадан салынған құбыр учаскелерін және 1235 шақырымдағы қабылдау тапсыру бекетін қосу жұмыстарын жүргізді. Жалпы ұзындығы 45 шақырым болатын құбырдың ауыстырылған учаскелерін қосу үшін "Атырау-Самара" учаскесінде "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырын 72 сағатқа тоқтату қажет болды. Барлық техникалық жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде орындалды. Мұнай құбырының қайта жөнделген учаскелерін қосу жұмыстарына "ҚазТрансОйл" АҚ-тың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Павлодар мұнай құбырлары басқармаларының 188 қызметкері, сондай-ақ "ҚазТрансОйл" АҚ пайдалану бөлімінің және "ҚазТрансОйл" АҚ филиалының Мұнай тасымалдауды басқару орталығының бас диспетчерлік бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Жұмыс барысында пайдаланылған техника саны 78 бірлік. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_310823_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_310823.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_310823_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-08-31]