31 тамыздан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімінен "Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00001188 (EUBNb5) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

31.08.23 11:19
/KASE, 31.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 31 тамызынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілеттік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00001188 (EUBNb5) облигацияларын олардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (31 тамыз – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні). 2023 жылдың 31 тамызынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімі 58 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың олар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша). Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2023-08-31]