/KASE, 29.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "Шұбаркөл Премиум" АҚ (Қарағанды) 2023 жылдың 29 тамызында өткен
акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2022 жылғы таза табысының бір бөлігі жай акциялар бойынша
дивидендтер төлеуге 5,0 млрд теңге мөлшерінде бөлінсін.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібіндегі жеті мәселе бойынша
шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/SHUP/shup_special_shareholders_meeting_results_290823_1120.pdf
[2023-08-29]