"Кредит Time" МҚҰ" ЖШС өзінің KZ2P00007438 (MFKTb2) облигацияларының өтелгені туралы хабарлады

29.08.23 14:39
KASE, 29.08.23/ – "Кредит Time" МҚҰ " ЖШС (Ақтөбе) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылдың 03 шiлдеде өзінің KZ2P00007438 (MFKTb2) облигацияларын өтегені туралы хабарлады, өтеу шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша соңғы – сегізінші купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 430 357,55 АҚШ доллар құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 424 900 АҚШ доллар, сегізінші купондық сыйақы – 5 457,55 АҚШ доллар. [2023-08-29]