29 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Macy's US55616P1049 (M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

28.08.23 16:28
/KASE, 28.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 29 тамыздан бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 15 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге келетін Macy's (АҚШ) US55616P1049 ("KASE Global" секторы, M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 15 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 18 қыркүйегiнен бастап қайта басталады. [2023-08-28]